USD
USD
USD

Төтенше жағдайға тап болған Air Astana ұшағындағы өзбекстандық екі әйел ауруханаға жеткізілді

Air Astana әуе кемесінің бортында болған оқиғаның салдарынан Алматының №4 қалалық клиникалық ауруханасына екі жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайға тап болған Air Astana ұшағындағы өзбекстандық екі әйел ауруханаға жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. № 4 қалалық аурухананың баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдем көлігімен медициналық мекемеге тек екі адам жеткізілген, тағы үш адам тексеруден бас тартқан.

«№4 қалалық клиникалық ауруханаға «Ташкент - Алматы» рейсінің екі жолаушысы жеткізілді. Екеуі де - Өзбекстан азаматтары, 37 және 28 жастағы әйелдер. Диагноз: сол жақ білек пен қолдың жабық жарақаты, жұмсақ тіндердің көгеруі және созылуы. Мойын омыртқасының контузиясы. Екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық, клиникалық-диагностикалық тексеруден кейін рентгенография, ми және мойын омыртқасының КТ, амбулаториялық емдеу ұсынылды. Басқа жолаушылар медициналық көмекке жүгінбеді»,-деп хабарлады №4 аурухананың баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық