Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Төтенше жағдай тамызға дейін ұзарды

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау төтенше комиссиясы бүгінгі отырыста Молдова Республикасының бүкіл аумағында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайды 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. 

Төтенше жағдай тамызға дейін ұзарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Комиссия басшысы премьер-министр Ион Кикудың айтуынша, мұндай шешім пандемия жағдайына байланысты қабылданған.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жағдай өршіп отыр. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ұзартылып қана қоймай, кейбір шектеулер сақталады:

шетелдіктердің Молдова Республикасына келуіне, шаралар өткізуге, мектепке дейінгі мекемелер қызметіне, демалыс лагерьлеріне, түнгі клубтарға, дискотекаларға, парктерге, демалыс аймақтарына және т.б.

Соған қарамастан, 16 шілдеден бастап жаттығу залдарында душқа түсуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, оңалту орталықтары, соның ішінде курорттық-шипажай мекемелерінің қызметі кезең-кезеңімен қайта жанданады.

Соңғы 24 сағатта Молдова Республикасында 1819 тест жасалып, 258 адамнан жаңа коронавирус анықталды. Қазіргі уақытта елде 18 924 адам COVID-19 жұқтырған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА