USD
USD
USD

Төтенше жағдай: Шекарадағы ауылдар көшіріліп жатыр

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Чон-Алай ауданының шекаралық ауылдарынан халықты эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Төтенше жағдай: Шекарадағы ауылдар көшіріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев Ош облысының Чон-Алай ауданындағы жағдайды толық бақылауында ұстап отыр және жергілікті халықты эвакуациялау жұмыстарына өзі басшылық етуде», - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Министрлік ақпаратына сәйкес, сағат 19.30-дағы жағдай бойынша, Ош облысының Чон-Алай ауданына қарасты Кара-Мык, Жекенди, Кара-Тейит, Чулук және Шибе ауылдарынан тұрғындар Дароот-Коргон ауылындағы А.Сайит атындағы мектепке көшірілуде.

Сондай-ақ жергілікті халық А.Мырзақұлов атындағы орта мектепке, 44-политехникалық училищеге және Орталық мешітке орналастырылып жатыр. Эвакуацияға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аудандық бөлімшелері, Чон-Алай ауданының басшылығы және азаматтық қорғаныс комиссиясы жұмылдырылды.

«Сонымен қатар ТЖМ гуманитарлық көмекті ұйымдастыруға кірісті. Эвакуация бойынша барлық іс-шара Төтенше жағдайлар министрі Б. Ажикеевтің жеке басшылық етуімен және жіті бақылауымен өткізілуде», - деп жазады Кабар.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер