USD
USD
USD

Төтенше жағдай режимін бұзғандар қамауға алынды

Алматы облысында төтенше жағдай режимін бұзған адамдар қамауға алынды.

Төтенше жағдай режимін бұзғандар қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты белгіленген бірқатар шектеу шараларына қарамастан, кей адамдар әлі де режимді бұзып жатыр.

Алматы облысында осындай ереже бұзушылықтар үшін 28 адам қамауға алынды, 7 адамға әкімшілік айыппұл салынды, 1 адамға ескерту жасалды.

"Осы шаралар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілгенін еске саламыз, осыған байланысты тұрғындарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, Денсаулық сақтау министрлігі мен ІІМ қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Бейнеу ауданының ең жас мектеп директоры сайлауда дауыс берді

Балуанияз Демеуов

Хакерлер BilimClass платформасындағы пән атауларын өзгерткен

Смартфон

Атырау облысында 425 мыңнан астам азамат дауыс бере алады

.

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Сайлау