USD
USD
USD

Төтенше жағдай кезінде құжаттардың мерзімі аяқталса не істеу керек?

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Төтенше жағдай режимі кезінде құжаттардың мерзімі аяқталса не істеу керектігін түсіндірді.

Төтенше жағдай кезінде құжаттардың мерзімі аяқталса не істеу керек?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ел аумағында енгізілген Төтенше жағдай режимі кезінде бірқатар құжаттар жарамдылық мерзімі өтсе де жарамды деп танылады.

Атап айтқанда:

- Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты және жеке куәлігі;

- ҚР аумағында шетелдіктің тұру ықтиярхаты;

- Азаматтығы жоқ тұлға куәлігі;

- Босқын куәлігі;

- Пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

- Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсатнама;

- Визалар;

- Еңбек мигранттарына рұқсатнама.

«Аталған құжаттарды ауыстыру немесе ұзарту әкімшілік жауапкершілікке тартпастан, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер осы мәселе бойынша Төтенше жағдай аяқталған соң 30 тәулік ішінде жүгіне алады», - деді облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан