Төтенше жағдай кезінде «Қазақтелеком» халыққа қандай көмек көрсетті?
Қаңтардың басындағы лаңкестік оқиғалар елді есеңгіретіп кетті.
Бұл бизнеске де оңай тиген жоқ. Мемлекет басшысы жуырда елдегі ірі бизнес өкілдерінің басын қосып, үлкен жиын өткізді. Мемлекетке көмектесуді тапсырды. Осы орайда еліміздегі ең ірі байланыс операторы «Қазақтелеком» не істеді?
Мәселен байланыс операторының қолдау шаралары аясында ақпараттық технологиялар дивизионының 1100-ге жуық клиенті үшін ай сайынғы төлемі қайта есептелетін болды. Деректер орталықтары базасында әртүрлі ІТ қызметтерін пайдаланатын жеке тұлғалар, кәсіпкерлер және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге бұл – айтарлықтай көмек. Тұтынушылар осы жылдың ақпанында қаңтар айында көрсетілген қызметтер үшін түзетілген абоненттік төлем шоттарын алады.

«Деректерді өңдеу орталықтарының бірі істен шыққан жағдайда Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қалаларында орналасқан сақтық көшірме деректер орталықтарына автоматты түрде қайта қосылу мүмкіндігі жасалған. Төтенше жағдай кезінде біз дата-орталық нысандарының қауіпсіздігін күшейттік, барлық техникалық регламенттер сақталды. Төтенше жағдай енгізілгеннен бастап бүгінгі күнге дейін біздің деректер орталықтары мен жүйелеріміз қалыпты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, біз сын сағатта қолдау көрсетуден шет қалмай, кәсіпкерлерді қолдауды жөн көрдік. ШОБ субъектілерін қолдау мақсатында ІТ дивизион өз тұтынушыларынан ақы алмайды және оларға көрсеткен қызметтері үшін қайта есептеуді ұсынады», – деді «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық технологиялар дивизионының бас директоры – IT жөніндегі бас директоры Марат Әбділдабеков.

Төтенше жағдайдың қатаң режимі қарапайым халыққа да оңай тимеді. Жүріс-түріс шектеліп, табыс азайды. Осыны ескерген байланыс операторы халықтың мойнына түскен ауыртпалықты жеңілдетуге күш салды.
Төтенше жағдай жарияланғаннан бері «Қазақтелеком» өз тұтынушыларына қолдау көрсету мақсатында тұтас шаралар кешенін әзірлегенін хабарлады. Соның ішінде негізгі көмектің бірі – жеке абоненттерге биылғы жылдың қаңтар айындағы қызметтері үшін ай сайынғы абоненттік төлемге 50% жеңілдік беру.
Компания түзетілген соманы ақпан айында шығарады, өйткені post paid режимінде жұмыс істейді (яғни төлемақыны есептеу әдетте есеп айырысу айынан кейінгі 25-күнге дейін жасалады).
Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев былай деді: «Әрине, еліміз үшін қиын-қыстау кезеңде, сын сағатта біз сырт қала алмаймыз. Сол себепті тұтынушыларымызды қолдауға бағытталған шаралар кешенін әзірледік. Абоненттеріміздің алдындағы жауапкершілікті толықтай сезіне отырып, компанияның топ-менеджменті жеке тұлғаларға осы жылдың қаңтар айының қызметтері үшін ай сайынғы төлеміне 50% жеңілдік беру туралы шешім қабылдады. Қашанда, қандай жағдай болмасын қазақстандықтарды және мемлекетті қолдауға және қажет кезде қасынан табылуға ұмтыламыз.. Елімізде коронавирус инфекциясы белең алған кезеңде де халықты және бизнесті қолдау мақсатында бірқатар шараларды қолға алған болатынбыз».

31 қаңтарға дейін барлық абоненттерге шектеусіз қала аралық қоңырау шалуға, сонымен қатар тіркелген қалалық нөмірлерге қосымша төлемсіз хабарласу үшін байланыс операторларының мобильді нөмірлеріне 1000 минут тегін таратылды.
Тағы бір маңызды шара: «Қазақтелеком» мамандары ISMET.kz бизнес-порталына бірқатар техникалық шешімдерді енгізу арқылы, бұл сервисті де интернетсіз пайдалануға болатын мүмкіндік жасады. Отандық кәсіпкерлер барлық қажетті операцияларды әдеттегідей жүзеге асыра алады, сондай-ақ ISMET.kz порталы арқылы өтінім бере отырып, байланыс қызметтеріне төлемдерді уақытша тоқтатып немесе кейінге қалдыруға болады. Сондай-ақ ШОБ субъектілері үшін «Қазақтелекомның» байланыс қызметтерін қосу және ақаулықтарды жоюға өтінімдерді жіберуге арналған порталда онлайн қызметін пайдалануға мүмкіндік жасаған.
Қаңтар басындағы бүліктен шағын және орта бизнеске орасан шығын келді. Осыны жете түсінген «Қазақтелеком» АҚ өзінің корпоративтік клиенттеріне ФДО (фискалдық деректер операторы) қызметтері мен интернетке 50% жеңілдік ұсынып отыр.
ФДО қызметін пайдаланушылардың жеке кабинетіне берілген жеңілдікпен бірге төлемақыны қайтару осы жылдың қаңтар айының аяғына дейін жүзеге асырылады. «Қазақтелекомның» интернет қызметін пайдаланатын клиенттері – ШОБ өкілдері ақпан айында түзетілген шоттарды алады, себебі клиенттердің бұл санатымен де компания кейіннен төленетін (post paid) жүйесінде жұмыс істейді.
«Біз биылғы қаралы қаңтар оқиғаларының шағын және орта бизнеске келтірген зиянын түсінеміз. Қазір бүлінгенді қалпына келтірудің қиын кезеңінде халықты қолдау – компаниямыздың басым бағыты. Біз өз тұтынушыларымызға қамқорлық жасай отырып, осынау қысылтаяң кезеңде қолдау көрсетуден қалыс қалмаймыз. Шағын және орта бизнеске көмектесу үшін компания қазірдің өзінде кәсіпкерлерді қолдау бойынша бұрын-соңды қолданбаған кешенді шараларды әзірледі. Біздің келесі қадамымыз «Қазақтелекомнан» ФДО қызметтері мен интернетке 50% жеңілдік беру болды, – дейді корпоративтік сегмент бойынша бас директор – Корпоративті бизнес дивизионының бас директоры Алмат Қараманов.

Қазақстандықтар үшін қаңтар айының алғашқы күндері аса қиын болды. Осыны түсінген «Қазақтелеком» алғашқылардың бірі болып ауқымды қолдау шаралар кешенін әзірлеп, жүзеге асырды.
Айта кету керек, «Қазақтелеком» 2015 жылдан бастап ақпараттық жүйелерді мемлекеттік кірістер органдарымен интеграциялау арқылы клиенттердің фискалдық деректері туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және салық органына беруді жүзеге асырып келеді. Қазіргі уақытта компанияның нарықтағы үлесі 78%-ға жуықтай отырып, осы саладағы жетекші орынды сақтап отыр. Бүгінгі таңда 330 мыңнан астам белсенді бақылау-кассалық машиналары тіркелген.
Осылайша «Қазақтелеком» қарапайым абоненттерінен бастаған қолдау шараларын кәсіпкерлерге ойыстырып, тұтастай Қазақстандықтарды қамтитын кешенді жобасын ұсынды.
Қазір оқып жатыр
Ресейдегі Қазақстан үшін маңызды газ өңдеу зауытына дронмен шабуыл жасалды
Сарбаздар енді әскери бөлімге пицца мен бургерді тапсырыспен алдыра алады
БҚО-дағы Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі 35 шақырымға жеткен
Шығыста мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген компания басшысы іздестірілуде