USD
USD
USD

Төтенше жағдай инфляцияны ушықтырмақ

Сарапшылардың болжауынша, осы жылдың қортындысы бойынша инфляция 7,5-8,1% коридорында қалыптасуы мүмкін. Бұл оның алдында Ұлттық Банк бекіткен межеден асып кетейін деп тұр. 

Төтенше жағдай инфляцияны ушықтырмақ
Фото: NEGE.kz

Қазіргі уақытта USD/KZT бағамы 434-436 теңге деңгейінде тұрақтанды, бұл ақпан айындағы орташа айлық көрсеткіштен 15 пайызға жоғары. Қазақстандықтардың тұтыну қоржынында импорт неғұрлым көп болса, доллар құнының өсуі тауарлар мен қызметтердің бағасына соғұрлым көбірек әсер етеді деп жазады, Тенгеномика. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, елдегі үй шаруашылықтары тұтынатын азық-түлік емес тауарлардың шамамен 63%-ы және азық-түлік өнімдерінің 25%-ы импортталады. Бұл біздегі инфляцияның басылмауын қоздырып тұратын басты фактор.  

Осылайша, сарапшылардың модельдік бағалауы бойынша доллар бағасының 15%-ға өсуі барлық тұтыну тауарларының қымбаттауына алып келеді. Бұл модельдеу нәтижелеріне негізделген, оған сәйкес доллардың теңгеге шаққандағы әрбір 1 пайыздық өсуі жиынтық инфляцияны 0,13 пайыздық тармаққа жоғарлатпақ. Макроэкономикада бұл құбылыс «трансфер эффектінің» мәні деп аталады.

Атап айтқанда, осы жылы киім мен аяқ киім бағасы - 4,8%, тұрмыстық заттар, тұрмыстық техника - 4%, денсаулық сақтау қызметтері мен дәрі-дәрмектер - 3,5%, демалыс және мәдениет қызметтері - 2%, тамақ және алкогольсіз сусындар - 1,9%, тұрғын үй қызметтері мен жанармай - 1,7%, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 1,2%-ға қымбаттауы тиіс.

Сонда тек теңгенің әлсіреуіне қатысты барлық тауарлар мен қызметтер 2,1 пайызға өседі. Бұл дегеніміз, жылдық инфляция деңгейі 7,5-8,1% құрап, Ұлттық Банк белгілеген межеден асып кетеді деген сөз. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары