USD
USD
USD

Төтенше жағдай: 7 млн қазақстандық 42 500 теңге алды

«42 500 теңге» төлемін төтенше жағдай және карантин кезінде 7 млн қазақстандық алды. 

Төтенше жағдай: 7 млн қазақстандық 42 500 теңге алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім еткендей, табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге көлеміндегі біржолғы төлем:

– төтенше жағдай режимі кезінде (2020 жылғы 16 наурыздан 11 мамырға дейін) 322 млрд теңге сомасында 4,6 млн адамға;

– карантиндік шектеу шаралары кезінде (2020 жылғы 5 шілдеден 17 тамызға дейін) 153,2 млрд теңге сомасында 2,4 млн адамға тағайындалды.

Төтенше жағдай және карантиндік шектеу шаралары кезінде табысын толық жоғалтқан жұмыс істейтін азаматтар мемлекеттік қолдаудың бұл түріне ие болды. Олардың ішінде:

– жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер;

– жеке кәсіпкерлер;

– жеке практикамен айналысатын адамдар;

– нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалар;

– бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар бар.

«Карантиндік шектеу шараларының қолданылу кезеңіне МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданды. Оны тағайындаудан бас тартылған жағдайда 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін шағымдануға болады. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры осы әлеуметтік төлемді тағайындау туралы азаматтардың өтініштерін қайта қарау бойынша жұмысты жалғастыруда», – деді Еңбек министрлігінен.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы