2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Төтенше жағдай 11 мамырда аяқтала ма?

Жағдай күрделеніп кетпесе төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде айтты. 

Төтенше жағдай 11 мамырда аяқтала ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында коронавирус індетінің жаппай таралуына тосқауыл қойдық. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, халықаралық сарапшылар жоғары бағалады. Пандемия ел экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Осыған қарай, Үкімет азаматтарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. Бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Табысынан айырылған адамдар қаржылай көмек алып жатыр.

Мұның бәрі халықтың тұрмыс жағдайын төмендетпеу үшін жасалуда. Қабылданған шаралар өз нәтижесін бере бастағанын көріп отырмыз. Жағдай күрделеніп кетпесе, төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталады. Бірақ карантин режиміне байланысты іс-шаралар жалғаса береді. Бұл ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін аса қажет»,-деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур