USD
USD
USD

Төтенше жағдайлар министрі су тасқынына дайындықты жедел аяқтауды тапсырды

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапарын аяқтап, өңірдің көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапарын аяқтап, өңірдің көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді.

Инспекцияның екінші күні аясында ведомство басшысы Бөрлі ауданына барып, су тасқыны қаупі бар учаскелерді, салынған бөгендердің ұзындығы мен беріктігін, сондай-ақ тез салынатын бастиондарды қарап шықты.

Су тасқыны кезеңінің салдарын болдырмау үшін монтаждау-құрылыс іс-шараларын қоса алғанда, бірқатар күрделі және ауқымды жұмыстар жүргізілді. Су тасқынына қарсы барлық шара уақтылы және толық көлемде жүзеге асырылуы маңызды, — деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

Министр жергілікті қызметтерге қауіпті аймақтарға ерекше назар аудара отырып, су тасқынына дайындықты жедел аяқтауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов