USD
USD
USD

Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне көтерме және тұрғын үй жәрдемақысы төленеді

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін ынталандыру мақсатымен оларға және олардың отбасы мүшелеріне қоныс аудару бойынша жәрдемақы төлеу, мүлікті тасымалдау, сондай-ақ барлық отбасы мүшесін қоса алғанда, темір жол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындарын өтеу ұсынылды.

Төтенше жағдай
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. Соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай кезеңінде, терроризмге қарсы операция кезінде, қарулы қақтығыс жағдайында, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған аймақтарда жұмыс істегені үшін үстемеақы белгіленеді. Үстемақы ақшалай қаражаттың 3 еселенген мөлшерінде төленеді, ал еңбек өтілінің бір күні үш күнге есептеледі.

Азаматтық қорғау органдарының және әскери қызметкерлерге тұрғын үйді жалға алу шығындары өтеледі. Мәжіліс депутаттары азаматтық қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге осындай норма енгізуді ұсынды. Демек енді тұрғын үй төлемдерін төтенше жағдайлар жүйесі қызметкерлері де алатын болады.

Сонымен қатар егер өрт сөндіруші немесе құтқарушы жауынгерлік жағдайда қызметтік міндеттерін орындау кезінде зардап шексе, санаториялық-курорттық негізде оңалтуға құқығы болады.

Қазір оқып жатыр

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Елена Рыбакина

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу