Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Төсек қатынасының нашарлағаны – басқа аурулардың есік қағып тұрғаны

Неміс ғалымдары: «жыныстық қатынас пен денсаулық арасындағы байланысқа медицина аз назар аударып отыр» деп дабыл қақты. Бұл туралы  неміс басылымы

Төсек қатынасының нашарлағаны – басқа аурулардың есік қағып тұрғаны
Фото: NEGE.kz

Süddeutsche Zeitung хабарлады.

Алматы, NEGE. Гамбург-Эппендорфтың университет клиникасының сексологтары сексуальды белсенділік, қанағаттану және денсаулық туралы мәліметтер жинаған. Зерттеу жұмыстары барысында жастардың төсек қатынасы аз түсетіні дәлелденіп отыр. Ал 36-45 жастағы еркектер мен 26-35 жастағы әйелдер белсенділік көрсеткен. «Тәжірибе көрсеткендей, сексуальды белсенділік қанағаттанудың көрсеткіші болып табылмайды екен. Жыныстық қатынасқа көп түсетін жалғыз басты адамдар отбасылы немесе тұрақты серігі бар адамдарға қарағанда төсектегі өміріне көңілдері толмайды.

Еркектердің үштен бірі және әйелдердің 45 пайызы төсек қатынасында түйткілдерге кезігеді екен. Атап айтқанда, төсек қалауы әлсіреген, эрекциясы бәсең, ләззат алудан қалған, тіпті ауырсыну сезінеді.  

«Төсек қатынасының адам денсаулығына пайдасы дәрігерлерге бұрыннан белгілі. Тән мен жан аурулары адамдарды төсектен қағады. Бірақ дәрігерлер кеңес бергенде секс тақырыбы әлі күнге дейін табу болып отыр», – дейді ғалымдар.

Неміс дәрігерлерінің айтуынша, төсек қатынасының нашарлауы жүрек-қан тамыр ауруларының, қант диабетінің, неврологиялық және басқа да дерттердің белгісі болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер бұл тақырыпқа баса назар аударғаны жөн екен.

 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс басталды

жоспардан тыс тексеру

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf

Қарағандыда 56 жастағы тиктокер әйел болып киініп, балалармен таныспақ болған

стример

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу