USD
USD
USD

Төртінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршін көз жұмды

Шымкентте 4 жасар бүлдіршін байқаусызда төртінші қабаттан құлап кетті. Жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен ол қайтыс болды.

Төртінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршін көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент қаласы ТЖД мәліметінше, қайғылы жағдай Гагарин көшесінің бойындағы 5 қабатты тұрғын үйде орын алған.

Төрт жасар ұл бала ата-анасының қарауынсыз қалып, 4-ші қабаттағы баспалдақ аралығындағы терезеден құлағаны анықталды.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің мамандары барып, мән-жайды сұрастырып білген. Қазір бұл жағдаймен полиция айналысып жатыр.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының 7 жағдайы тіркелген. Төрт жағдайда балалар қайтыс болса, үшеуінде балалар түрлі дене жарақатын алған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық