USD
USD
USD

Төрт жасар баланың өкпесінен 8 см құрт алынды

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері эхинококк диагнозы қойылған 4 жасар балаға ашық түрде операция жасады.

Төрт жасар баланың өкпесінен 8 см құрт алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Науқас баланы қалалық клиникалық балалар ауруханасына 11 мамыр күні жедел жәрдем жеткізген.

Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, өкпесінің оң жақ бөлігінен эхинококк кистасын анықтаған.

«Эхинакокк кистасы анықталған соң баланы отаға дайындадық. Операцияны 13 мамыр күні жасадық. Баланың өкпесіне ашық түрде ота жасалып, құртты кистамен бірге алып шықтық. Құрт баланың кеуде қуыс аймағын жайлаған. Бір сағатқа созылған операция сәтті өтті», – дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Әкім Түлкібаев. 

Науқас бір күн жансақтау бөлімінде жатып, бөлімшеге ауысқан. Денсаулық жағдайы жақсарған пациентті дәрігерлер 18 мамыр күні ауруханадан шығарды.

Дәрігерлердің айтуынша, эхинококкоз ауруының қоздырғыштары ит, мысық және төрт түліктен жұғуы мүмкін.

Сонымен қатар, дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адамға үлкен қауіп төндіреді. Сол себепті мамандар балалардың тамақтануына үлкен мән беру керек екенін айтады.

Қазір оқып жатыр

Үкімет Қазақстан экономикасының 2027–2029 жылдарға болжамын таныстырды

Үкімет

Шымкентте газ құбырында өрт шықты

Газ құбыры

Қазақстанда зейнетақы аннуитеттерінің жаңа түрлері ұсынылмақ

Зейнетақы аннутитеті

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ