Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Төрт өңірде үсік жүреді

Қазгидромет 10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Төрт өңірде үсік жүреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігі әліде антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Тек Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, солтүстікте –көктайғақ, оңтүстік-батысында- шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Түркістан, күндіз Қызылорда, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с дейін күшейеді, Манғыстау облысында күндіз шаңды дауыл соғады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының түнде кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі