USD
USD
USD

Төрт облыста жол ашылды

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарының тасжолдарында автокөліктің жүруіне рұқсат етілді.

Төрт облыста жол ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысында 6 наурыз 09.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» тасжолының 51-104 шақырымында, Ақмола облысының шекарасы-Нұра ауылы аумағында. көлік қозғалысы қайта жанданды.

Сондай-ақ Қарағанды облысында 6 наурыз 8.30-дан бастап «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 967-1135 шақырымында, Қарағанды қаласы-Павлодар облысының шекарасы аумағында көлік қозғалысына рұқсат етілді. 8.30-дан бастап «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» тасжолының 231-324 шақырымы, Павлодар облысының шекарасы-Ботақара ауылы аумағында көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Қостанай облысында 6 наурыз 09.00-ден бастап «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 7-106 шақырымы, Қостанай қаласы-Әулиекөл аумағында жол (жолдың бір бөлігі) ашылды.

Сонымен қатар 6.00-ден бастап төмендегі тасжолдарда көлік қозғалысына рұқсат етілді:

1. «Мамлютка-Қостанай», 250-406 шақырым, Ұзынкөл-Тобыл ауылы аумағы

2. «Екатеринбург-Алматы» 419-540 шақырым, Қарабалық ауылы-Қостанай қаласы аумағы 08.15-тен бастап «Қостанай қаласы айналмасы» тасжолының 0-21 шақырымында көлік қозғалысы жанданды. Ақмола облысында 6 наурыз 9.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» автожолының 32-51 шақырымында, Қабанбай батыр-Қарағанды облысының шекарасы аумағында жол ашылды. Шығыс Қазақстан облысында 6 наурыз 8.00-ден бастап «Өскемен-Алтай-Рахман шоқысы» тасжолының 6-66 шақырымында, Ушанова ауылы-Серебрянск қаласына бұрылыс аумағында көлік қозғалысына рұқсат етілді.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті