USD
USD
USD

Төрт облыста үсік жүреді

Елімізде төрт облыстың аумағында үсік жүреді. Синоптиктер осындай ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Төрт облыста үсік жүреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 8-10 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, 1-3 градус үсік жүреді. 8-9 қыркүйекте түнде Жамбыл облысында кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін. 8-9 қыркүйекте кей жерлерде тұман түседі. 8 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде 1-3 градус суық болады. 8 қыркүйекте түнде Ақмола облысының кей жерлерінде 2 градус үсік жүреді. Кей жерлерінде тұман түседі. 8 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. 8 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. 8-9 қыркүйекте Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны