USD
USD
USD

Төрт күндік коменданттық сағат енгізеді

Түркия мемлекеті коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында 4 күндік коменданттық сағат енгізді.

Төрт күндік коменданттық сағат енгізеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түрік үкіметі коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында жаңа жылға 4 күндік коменданттық сағат енгізді. Бұл туралы осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоған министрлер кабинеті отырысынан кейін мәлімдеді. Жаңа ереже желтоқсанның 31 күні сағат 21:00-ден күшіне еніп, қаңтардың 4-і күні таңғы 05:00-де аяқталады. Екі апта бұрын, Түркия дүйсенбіден жұмаға дейін коменданттық сағат, демалыс күндеріне толық локдаун жариялаған еді. Сондай-ақ тамақтану орындарының жұмысын курьерлік және өзіңмен алып кету қызметі арқылы бастаған. Сауда орталықтарына тек коронавирус инфекциясын таралуына тосқауыл қоюға арналған арнайы код арқылы кіру мүмкін. Айта кеткен жөн, соңғы тәулікте Түркияда коронавирусты 29 мыңнан астам кісі жұқтырды. 229 кісі көз жұмды. Бұл қатерлі індет басталғалы адам өлімі бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: "Бұған дейін енгізілген шектеулердің нәтижесі қазір де байқалады. Ал 31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден 4 қаңтарға таңғы 05:00-ке дейін коменданттық сағат енгізіледі. Бұл күндері үздіксіз жұмыс істейтін медицина қызметкерлері мен басқа да мемлекеттік қызметкерлерге жеңіл болуы үшін балабақшалар мен бастауыш сынып оқушыларына оқу-ағарту мекемелерінде есік ашық болады", - деді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy