Төрт қазақстандық «Әлем ханымы» байқауына қатысу үшін АҚШ-қа аттанады

Mrs. Globe Kazakhstan республикалық сән байқауының финалистері АҚШ-та «Әлем ханымы» атану үшін бақ сынайды.
Алматы, NEGE. Іріктеу кезеңінде 300-ден аса үміткер қатысқан. Олардың ішінен 4 кандидат іріктеп алынып, Қазақстанды таныстыру үшін әлемдік жарысқа қатысады.
"Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Қатысушылар ұлттық киімдерін көрсетіп, өзі және елі туралы айтуы керек. Біздің дәстүрімізді де таныстырады. Мемлекеттері туралы көбірек айтып, жақсырақ таныстыруы үшін 5 күннен аса уақыт берілген", – деді Mrs. Globe Kazakhstan жобасының директоры Жанна Мейрембаева.
Жарыс 1996 жылдан бері өткізіледі. Ал Қазақстан бұған алғаш қатысайын деп отыр. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар сайысты тұрақты түрде өткізбекші.
"Қазан айында тәж иеленіп, Америкаға аттанатыным туралы білдім. Сол кезден бастап дайындық басталды. Мұнда ағылшын тілі мен спорт та бар, себебі сән байқауы ғой. Сонымен қатар күтім, өзіңді дамыту, психологпен жұмыс – ең маңыздысы. Әйелдерге 40 жастан асқан соң өмірдің тоқтамайтынын көрсеткім келеді. Өмір енді басталуы мүмкін", – деді Mrs. Kazakhstan Classique номинациясының жеңімпазы Жанна Сахариева.
"Әрине, жауапкершілік бар, өйткені мен Қазақстанда жеңіске жеттім. Қазақстан атынан өнер көрсетемін. Тек өзімді ғана, елімді, біздің шығармашылықты, біздің әйелдерді де таныстыруға барамын. Сондықтан аздапр қобалжу бар. Бірақ қолымнан келгеннің бәрін жасаймын", – деп түсіндірді Mrs. Kazakhstan Globe титулының иегері Альмира Тұрсын.