USD
USD
USD

Төрт айда коронавируспен күреске $4,8 млрд жұмсады

Өзбекстан наурыздан шілде айына дейін коронавируспен күреске 49,3 трлн сум ($4,8 млрд) жұмсады. Бұл туралы қаржы министрі Тимур Ишметов Олий Мажлистің жалпы отырысында хабарлады.

Төрт айда коронавируспен күреске $4,8 млрд жұмсады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ишметовтің айтуынша, Дағдарысқа қарсы қор коронавируспен күреске 5,3 трлн сум ($516 млн) бөлген. Кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға 1,6 трлн сумның ($155 млн) жеңілдігі жасалды. Коммерциялық банктердің кәсіпкерлерді қолдауына 15,7 трлн. сум ($1,5 млрд) аударылды. 24,5 трлн. сум ($2,3 млрд) несие берілді.
2020 жылдың алғашқы тоқсанында республикалық бюджет кірісі 58,2 трлн сум ($5,6 млрд) болды. Министрдің айтуынша, биыл кіріс 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5 триллион сумға ($730 млн) артқан.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны