USD
USD
USD

Төрт облыстың аграршылары Астанадағы жәрмеңкеге өз өнімдерін әкелді

Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты

түлік
Фото: Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. Осы аптада өз өнімдерін төрт облыстың, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аграршылары ұсынып жатыр. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер елордалық жәрмеңкеге 900 тоннадан астам өнім әкелді. Сөрелерде ет, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, өсімдік майы, бал, балық, шұжық, қант және түрлі кондитерлік өнімдер бар.

Павлодар облысы жеткізген өнім көлемі бойынша көш бастап тұр. Бұл өңір 550 тоннаға жуық өнім әкелді, оның басым бөлігі картоп, көкөніс және бақша дақылдарын құрайды. Жетісу облысының аграршылары жаңа піскен жеміс-жидектер, ет және қантты қоса алғанда, 120 тоннадан астам тауар ұсынуда.

Батыс Қазақстан облысы ет өнімдерінің алуан түрін, сондай-ақ ұн мен макарон өнімдерін әкелді.

Өз кезегінде Алматы облысы 200 тонна өнім ұсынды, олардың ішінде әйгілі "Апорт" сұрыпты алмалары ерекше көзге түседі. 

Жәрмеңке 13 қазанда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін "Қазанат" ипподромына қарама-қарсы орында, Қарқаралы тас жолында өткізіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңкелер кезінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары ұзартылды.

Қазір оқып жатыр

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ баллдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы