Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Торпедо» әйелдер хоккей командасының таратылуына қатысты басқарма жауап берді

Әлеуметтік желілерде Өскемендегі «Торпедо» әйелдер хоккей клубы жабылудың алдында тұрғаны туралы ақпарат тарады. 

спорт
Фото: shaiba.kz

Астана, NEGE. Хабарламаларда маусымаралық кезеңде әйелдер командасы «Торпедо» клубының құрылымынан шығарылып, хоккейшілердің кәсіби деңгейде ойнау мүмкіндігінен айырылғаны айтылған.

Сондай-ақ ақпаратта команданың сегіз ойыншысы жыл сайын Қазақстан құрамасына шақырылып, әлем чемпионаттары, Азия ойындары және Азия чемпионаттарында ел намысын қорғайтыны көрсетілген. Алайда клубтың болашағы бұлыңғыр болғандықтан, кейбір хоккейшілер спорттық мансабын аяқтаудың алдында тұрғаны айтылды.

Бас бапкер Мария Федоренко Shayba.kz сайтына берген сұхбатында бұл ақпараттың қайдан шыққанын түсіндірді. Оның айтуынша, өткен маусымда командада қаржылық қиындық болмаған, ойыншылар жалақыларын уақытында алып, барлық жарысқа толық қатысқан.

«Маусым аяқталғаннан кейін балалар мен жасөспірімдер және әйелдер хоккейінің құрылымы өзгерді. Кейін қаржыландыру әлі бөлінбегені, сондықтан ересектер командасын қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ екені айтылды. Тіпті басқа клуб іздеу туралы кеңес берілді. Осыдан кейін жағдай қоғамда қызу талқылана бастады», дейді Мария Федоренко.

Алайда Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Команданың қызметін тоқтату туралы ауызша да, жазбаша да ешқандай хабарлама болған жоқ. Қазіргі уақытта команданың жұмысын жалғастыру және облыс құрамасының алдағы Qyzdar Hokei Ligasy чемпионатына қатысуы жоспарланған», – деді басқарманың жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві бөлімінің басшысы Аида Жұханова.

Осылайша, ведомствоның мәліметінше, «Торпедо» әйелдер хоккей командасы жұмысын қалыпты режимде жалғастырып жатыр. Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы тағы бір әйелдер хоккей клубы – «Айсұлудың» да қаржылық қиындықтары мен қарыздары бар екені белгілі болған еді.

Қазір оқып жатыр

​FIDE үшін бәсеке: Турловтың жеңісі Қазақстанның беделін арттыра ма?

Бизнесмен

Эль-Ниньо әсерінен әлемде тағы 50 млн-ға жуық адам аштыққа ұшырауы мүмкін – БҰҰ

Эль-Ниньо

Қазақстандықтар өзін кедей сезінбеуі үшін айына қанша қаржыны қажет етеді?

Теңге

Астанада ер адам темекі тұтатқан сіріңкесін лақтырып, тұрақта тұрған көлікті өртеп жіберген

Көлік өрті