USD
USD
USD

Төреғали Төреәлінің әйелі даулы оқиғаға қатысты жазба жариялады

Төреғали Төреәлінің әйелі толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде күйеуіне қатысты жазба жариялап, пікір білдірді.

Төреғали Төреәлінің әйелі даулы оқиғаға қатысты жазба жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол жазбасында күйеуіне әрдайым қолдау білдіретінін жеткізді. 

"Бүкіл әлем менің жарыма қарсы соғыс ашса, мен оның артында тұрып, оғын алып беремін" деген сөздер менің жүрегімде жатталып қалғандай…

Иә, бүкіл әлем сенің жарыңа қарсы болғанда, сезімдер тым бөлек. Бірақ Алла мені бұл сынаққа да дайындаған екен. Бұрынғы Толқын, етегі жасқа толып, миллиондаған даттауларға жүрегі жарылып, өзін қоярға жер таппай жылар еді. Ал қазір менің жүрегімдегі мейірім мен Аллаға деген сенім бұның бәрінен үстем болып тұр. Сағыңды сындармай, өзгелердің алдында иілдірмейтін Аллаға сансыз шүкірлер. Жарыңнан артық кімің бар? Ойлап қарасам, мен үшін бұл күндер –  отбасы атты құндылықтың шексіз нығмет екенін терең түсіндіре түсті. Себебі жарымды одан да қатты бағалап кеттім…

Біз адамдар, сондай шүкірсізбіз… Тіпті жарымның дауысын естіп жүруім –  ол да Алланың нығметі екенін сезінбеппін…

Алла қосқан жан-жарыма айтылған әрбір сөздің менің жанымды да жаралап, қанжардай қадалып, жарамды тілімдей бергені рас..." - деп жазба жариялады Толқын Тұрарбекқызы. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.