USD
USD
USD

Төреғали Төреәлі келіншегіне он бөпе туғызбақ

Әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы оның арманы жайлы айтып берді.

Төреғали Төреәлі келіншегіне он бөпе туғызбақ
Фото: NEGE.kz

Толқын ханымның жазуынша, Төреш көпбалалы болуды армандайды екен. Мәселен әнші, әйеліне үйленер кезде «маған он бала туып бересің бе?» деп сұраған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды. 

Алматы, NEGE.  Қазіргі уақытта аяғы ауыр Толқын жарының өте балажан екендігін желідегі парақшасында жазды. 

«Төрем көпшілікті бала күнінен жақсы көретін. Қайда жүрсе де, қасына біреу еріп жүргенін қалайтын...
Өзінен кейін қарындастары туылам дегенше, мамамызға күнде: «Апа, он бөпе туып берші» дейді екен.
Біз отау құратын кезде, маған 10 бала туып бересің бе?) – деген. Мен де көпбалалы отбасынан болғандықтан, Алла денсаулық берсе, 10 туам деп уәде бере алмаймын, бірақ 7-еуіне тырысып көремін дегенмін.

Сонда, екеумізде өте балажан екенімізді қазір түсінемін. Алла сол ниетімізге балапандарымызды бірінен-кейін бірін беріп жатыр! Аллаға сансыз шүкір!

Бір күндігін ойлаған мал өсірер, он жылдығын ойлаған тал өсірер, мәңгілігін ойлаған бала өсірер демекші, Аллахым ұрпағымыздың салиқалы ұрпақтан болуын баршамызға нәсіп етсін!», - деп жазбасын қорытындылады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай

«Оңбаған болмаңдар»: Елші Дәурен Абаев жастарға қандай кеңес берді?

Дәурен Абаев

Санжар Боқаевты алғашқы сот отырысы алдында Алматыдан Астанаға алып кеткен

Санжар Боқаев