USD
USD
USD

Төреғали Төреәлі елге қайта алмай қалған (видео)

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлі елімізде орын алғантәртіпсіздіктер кезінде Әзірбайжанда болған. Жұмыс бабымен барған өнер иесі кейін ұшағы ұшпай, Қазақстанға орала алмаған.

Төреғали Төреәлі елге қайта алмай қалған (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында айтты. Эстрада жұлдызы мемлекетте қиын жағдай орнағанда өзге елде болған. Ол Баку қаласына арнайы шақыртумен барып, өнер көрсеткенін айтады. Қазақстанда өткен тәртіпсіздер салдарынан өнер иесі елге жоспарланған уақытында қайта алмаған. Ол туған жерге енді ғана келгенін хабарлады. Сонымен қатар, Төреғали өзін құрметпен шығарып салып, құшақ жая қарсы алған ағаларына алғысын айтты.

"Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас! “Тұран” империясының шақыртуымен концерт беруге, т.б. Жобаларды ақылдасуға Әзірбайжан еліне барған болатынбыз. Елдегі жағдайға байланысты ұшағымыз ұшпай, Алматымызға енді келдік. Отанға орала алмай жатқан қаншама жандар бар, отбасыларымен ерте қауышсын деп тілейміз. Құрмет көрсетіп шығарып салған, құшақ жая қарсы алып жатқан аға бауырларға алғыс айтамыз! Пәлен жерде алтын бар, өз жеріңдей қайда бар", - деп жазды әртіс. 

Қазір оқып жатыр

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі