USD
USD
USD

Төреғали Төрәлі әкесінің көлігін әуежайда өртеп жібергенін айтты

Танымал әнші, ақын Төреғали Төреәлі қасіретті қаңтар оқиғалары кезінде белгісіз біреулер әкесі Төреәлі Әлихановтың көлігін өртеп кеткенін айтты.

Төреғали Төрәлі әкесінің көлігін әуежайда өртеп жібергенін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  Әнші тәртіпсіздіктер кезінде Әзербайжанда болғанын айтты. 

"Қаңтардағы қақтығыс кезінде әкемнің көлігі әуежайда қалып қойған еді. Аласапыран болып жатқанда біз Әзербайжан елінде жүргенбіз. Көлігі өртеніп кетсе де, көңілі елді ойлап алаң болған еді. Сонда, "дүние жүрегіне кірмеген екен ғой" деп қуанғаным рас", - деп жазды әнші Instagram-да.

Десе де күні кеше Төреәлі Әлихановқа қызы мен күйеу баласы су жаңа көлік сыйлапты. 

"Кеше ғана Қосбатыр атаны алып (қайын атасы) кіші қажылыққа барып келіңдер деп "Умраға" жолдама сыйлаған ғой әкем. Көп ұзамай Дархан (күйеу баласы) осындай керемет көлік сыйлап жатыр.

"Атаңа не қылсаң алдыңа сол келеді". Сүйеу болар осындай күйеу балалар баршамызға жұғысты болсын ағайын!" - деді әнші.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық