USD
USD
USD

Төреғали неден қорықты?

Әнші, айтыскер ақын Төреғали Төрәлі жуырда желіге бір сурет жүктеді. Өз ойын өлеңмен өрнектеп суреттің астына жазба қалдырған еді, алайда...

Төреғали неден қорықты?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өткен шақпен сөйлеуіміздің мәні бар. Біз материалды дайындап жатқан кезде Төреш жеке парақшасындағы осы сурет пен жазбаны не өшірді не оқырмандардан жасырып қойды. Неге?

Алматы облысының полиция департаменті әншінің аңға шыққан суретіне қатысты пікір білдіріп, заң талаптарына қаншалықты сай екенін анықтайтынын жеткізді. Бірақ, Төреғали заң талаптарын орындамағаннан емес, суретке арнап жазған өлеңі себепті жазбаны өшірген болуы мүмкін. Сонымен айтыскер ақын бүй дейді. 

«...Аштық, зорлық тек қырғын әкелмесе, 
Орыстан қашан бізге сый бөлінген?», – деген Төреғалидың осы сөзі әлдекімдерге ұнамай қалса керек. 25 желтоқсанда жүктелген жазба желіден бүгін өшті.

Суреттің астындағы пікірлердің дені – ақынды қолдап, «осыны біреу айтуы керек» еді деп разылық танытқандар. Дегенмен мұны «саяси дауға айналуы мүмкін» дейтіндер де жоқ емес. Не де болса, Төрештің басы тағы бір дауға қалуы әбден мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев жаңа Жолдауын әзірлеп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды

Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсімі

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай

«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» басшыларының ұсталғанын жоққа шығарды

Өзенмұнайгаз