USD
USD
USD

Торай ұрлаймын деп торға түсті

Алматы облысында 150 торайды заңсыз қолды қылған қаскүнем ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Торай ұрлаймын деп торға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 11 мамырда Іле АПБ кезекші бөліміне Қараой кентіндегі шошқа өсірумен айналысатын бір кәсіпорнының иесі 18 торайының ұрлағаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іздеу барысында жәбірленушілер Чапаев ауылының 26 жастағы тұрғынынан ұрланған торайларды тауып,таныған және оқиға орнына бірден полиция қызметкерлерін шақырған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ер адамның торайларды шошқа өсіру кешенінде жұмыс істейтін адамдардан бір басын 15 000 теңгеден сатып алғандығын анықтады. Нәтижесінде, жәбірленуші кәсіпорында қасапшы болып жұмыс істейтін Чапаев ауылының 27 жастағы тұрғыны мен 37 жастағы электрик қызметкері дереу анықталып, ұсталды. Ұсталған адамдар дәлелдерден кейін ұрлық жасағанын толық мойындады. Тергеу барысында олар өздерінің сыбайласы ретінде еш жерде жұмыс істемейтін Өзбекстанның 20 және 27 жастағы азаматтарын атап, көрсеткен. Барлық төрт күдікті де сот шешімімен қамаққа алынды. Күдіктілердің үш ай бойы жүйелі түрде жексенбі және мереке күндері торайларды ұрлаумен айналысқандары белгілі болды. Соңғы қылмыстарын жасау кезінде олардың жалпы саны 150-ге жеткен. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысына тиесілі автокөлік тәркіленіп, сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды.

Қазір оқып жатыр

Қарағандыдағы кәсіпорында екі жұмысшының қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

жұмысшы қазасы

Жауыннан соң көлігі бүлінген астаналық өтемақы талап етті: әкімдік не дейді

нөсер

Санкт-Петербургте ғарышты игеруге арналған фотокөрме ашылды

Kazinform

Грузиядағы ірі МӨЗ ресейлік мұнайдан бас тартып, қазақстандық мұнайға көшуде

мұнай