USD
USD
USD

Top Rank Жәнібек Әлімханұлының алдағы чемпиондық жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Top Rank промоутерлік компаниясы жанкүйерлеріне 21 мамырда Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің жақындап қалған күнін еске салды, оның хедлайнері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британиялық боксшы Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жек болады. Орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы атағы сарапқа салынады, деп жазады Prosports.kz.

Top Rank Жәнібек Әлімханұлының алдағы чемпиондық жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Промоушен өз әлеуметтік желілерінде Жәнібек пен негізгі жекпе-жекке қатысушы америкалық Джамел Херрингтің (23-3, 11 КО) жаттығуынан видео жариялады.

"Бұл екеуі дайын тұр. "Қазақ стилі" және Джамель Херринг. Жәнібек - Дигнум, 21 мамыр ESPN арнасында", - делінген хабарламада.

Еске салайық, шоуда бұрынғы әлем чемпионы Херринг жеңіл салмақта жеңілмеген отандасы Джамайн Ортиспен (15-0-1, 8 КО) жұдырықтасады. 

Қазір оқып жатыр

Журналистер Құрылтай депутаттарымен енді қалай жұмыс істейді – Аппарат түсіндірді

жаңа құрам

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен табылған сәбидің анасы полицияға жеткізілді

Қарағанды

Қазақстанда электр энергиясы тарифтері тағы өзгеруі мүмкін

Электр энергиясы

Қазақстанға кіру шетелдіктер үшін енді 4 мың теңге болуы мүмкін бе?

паспорт