USD
USD
USD

ТОП-10 ел: Қазақстанға ең көп турист қай елден келді?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға 11,5 миллион шетелдік азамат келген. Бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

Турист
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Назарларыңызға 2024 жылдың тоғыз айында елімізге келген туристер саны бойынша ТОП-10 елді ұсынамыз.

Қазақстан
Фото: gov.kz

Қонақ үй мен басқа да орындарға Ресей Федерациясынан келген туристер көбірек тоқтаған. Яғни, 2024 жылдың тоғыз айында елімізге Ресейден 307 756 адам келген.

Кейінгі сатыға Қытай (127 059 адам) азаматтары жайғасса, үздік үштікті Үндістан (91 148 адам) туристері түйіндеді.

Сонымен қатар алғашқы ондықтың қатарында Түркия (47 590), АҚШ (35 628), Өзбекстан (29 082), Германия (24 672), Оңтүстік Корея (20 950), БАӘ (17 557) және Италия (13 411) мемлекеттері бар.

Қазір оқып жатыр

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі