USD
USD
USD

«Томирис» ұлттық арнадан көрсетіледі

Тәуелсіздік күніне орай «Томирис» фильмі алғаш рет Qazaqstan ұлттық арнаcынан көрсетіледі, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясы.

«Томирис» ұлттық арнадан көрсетіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні сағат 19:00-де режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі алғаш рет Qazaqstan Ұлттық телеарнаcынан көрсетіледі.

Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және Sataifilm компаниясы бірлесе түсірген. Шығармада біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғалар суреттеледі. Кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.

Қазір оқып жатыр

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық