USD
USD
USD

Томирис Байсафаның ісіне қатысты сот тергеуі аяқталды

Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық студент Томирис Байсафаның ісі бойынша сот тергеуі аяқталды.

Томирис Байсафаның ісіне қатысты сот тергеуі аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сот тергеуі аяқталды. Жарыссөздер мен үкім қалды», - деп жазды Т.Байсафаның анасы Жанна Ахметова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың сәуір айында қазақстандық студент қыз Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кеткен еді. Ол 3 мамырда ауруханада қайтыс болды. Қыздың ата-анасы суицид туралы тергеушілердің нұсқасымен келіспей, тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.

2020 жылы Томирис Байсафаның өліміне қатысты Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы Мухтар Меджидовтың ұлы Муртузали Меджидов қамауға алынды.  2021 жылдың шілдесінде Мәскеудегі алқабилер соты Муртузали Меджидовті ақтап алды. Қайтыс болған студенттің анасының шағымдары мен қоғам наразылығынан кейін ақтау үкімінің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. 

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция