USD
USD
USD

Төлтаевтың жеңілісі: Қазақстан апелляцияға берді

Қазақстан құрамасы 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаевтың шотландиялық Риза Линчке қарсы ширек финалдағы жекпе-жегінде төрешілердің шешіміне шағымданды. 

Төлтаевтың жеңілісі: Қазақстан апелляцияға берді
Фото: NEGE.kz
 
 
Алматы, NEGE. Қазақстандық команда осы жекпе-жектің нәтижесін аппеляцияға берді. Бұл туралы Instagram-да бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев жазды.

Еске сала кетейік, Төлтаев пен Линчтің 1/4 финалдағы 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі айқасында шотландиялық боксшы жеңіске жетті (3:2), бірақ бұл шешім дау тудырған болатын.

ӘЧ-2021 ширек финалына шыққан он қазақстандық боксшының тек бесеуі жартылай финалға жолдама алды, олар: Теміртас Жүсіпов (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг) және Абылайхан Жүсіпов (67 кг).

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова