USD
USD
USD

«Толық емес отбасы» санаты не себепті «Бақытты отбасы» бағдарламасынан шығарылды?

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол «толық емес отбасы» санаты не себептен «Бақытты отбасы» бағдарламасынан шығарылғаны туралы айтты.

«Толық емес отбасы» санаты не себепті «Бақытты отбасы» бағдарламасынан шығарылды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы министрлік өкілдері Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте тұрғын үй саясатының жаңа механизмдерін таныстыру кезінде айтты. 

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында отбасы институтын қолдау және сақтау мақсатында «Бақытты отбасы» жеңілдетілген бағдарламасына қатысушылардың санаттары қайта қаралды. Атап айтқанда, талдау нәтижесінде «толық емес отбасы» санаты алынып тасталды. Мониторинг көрсетіп отырғандай, «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап «толық емес отбасы» санаты бойынша кезекте тұрғандар саны 72%-ға немесе 61,6 мың адамға артқан», – деді Бауыржан Қабдол.

Еске салсақ, бұған дейін «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова толық емес отбасы санаты бойынша жеңілдетілген ипотекалық несие алу Қазақстандағы жалған ажырасулардың себептерінің бірі болып бара жатқанын айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған