USD
USD
USD

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

2019 жылы президенттікке үміткер болған «Ауыл» партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков партия қатарынан шыққанын мәлімдеді.

.
Фото: Төлеутай Рақымбеков

Астана, NEGE. Рақымбековтің айтуынша, оның қоғамдық-саяси қызметі 2015 жылдың қыркүйегінен бері «Ауыл» партиясымен тығыз байланысты болған. Осы уақыт ішінде ол партия президиумы мен саяси кеңесінің мүшесі болып, бес жылдан астам уақыт төрағаның бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Сондай-ақ партия оны 2019 жылғы президент сайлауына, ал 2021 және 2023 жылдары Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде ұсынған.

Саясаткер бұл шешімді ұзақ ойланғаннан кейін қабылдағанын айтып, партиядан шығу туралы өтінішін 4 мамыр күні тапсырғанын Facebook парақшасында жазды.

Еске салайық, 2022 жылы Рақымбековті асырап алған қызы айыптағаннан кейін, бұл жайт қоғам талқысына түскен еді. Алайда ол бұл мәлімдемелерді жоққа шығарған.

Қазір оқып жатыр

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова