USD
USD
USD

Төлешова бейнебаян шығарды

Қазақстадық әнші Данэлия Төлешова Don’t Cha әніне түсірілген бейнебаянын шығарды. 

Төлешова бейнебаян шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әншінің PR-директор Татьяна Синенконың айтуынша, бейнебаян түсірілімі қазанда "Қазақфильм" киностудиясында басталып, қарашаның соңында аяқталған. Алайда Төлешова мен режиссерлік топ шығаруға асықпаған. 

"Біз графиктен сәл шығып кеттік және жоспардан кеш тұсаукесер жасап жатырмыз. Түсірілім тобын сәтті таңдадық, олар өз ісінің нағыз шебері. Олар барлығын жіті қадағалады, жарық, дыбыс, түс коррекциясын реттеді. Нәтижеге көңілім толды, көрермендерге де бейнебаян ұнайды деп ойлаймын", – деді Данэлия. 

Сюжетте Данэлия есею кезеңіне өтіп жатыр, әрбір жасөспірім секілді ол неше түрлі эмоция мен таңдауға жолығып, өз жолын таңдайды.

Бейнебаян продюсері Нұрсұлу Сұлтанова, ал режиссері – Марат Своик. 

Don’t Cha – жас әншінің авторлық дебюті. Әннің сөзі арнайы Данэлияға жазылған.

"Әннің шығуына қатты қатысқым келді, сондай-ақ әннің авторлары - украиналық ақын Юлия Кабанова мен композитор Еркехан Абдоллаевқа алғыс білдіремін", – дейді Данэлия. 

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.