USD
USD
USD

Төлемдерді оңтайландыру арқылы мемлекет 4,6 миллиард теңге үнемдей алады

Елімізде төлемдерді оңтайландыру арқылы жыл сайын мемлекеттің қомақты қаржысын үнемдеуге болады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Төлемдерді оңтайландыру арқылы мемлекет 4,6 миллиард теңге үнемдей алады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Оның пікірінше, әлеуметтік-еңбек саласындағы цифрлық жобалар қызмет көрсету сапасын арттырып, мемлекет шығысын оңтайландыруға мүмкіндік береді. «Мұндай жобаның бірі – төлемдерді оңтайландыру. Ол мемлекеттің әкімшілік шығысын үнемдейді. Мысалы, зейнетақы төлеу кезінде әкімшілік процестерді оңтайландыру арқылы мемлекет жылына 4,6 миллиард теңгені үнемдей алады. Бұл бағыттағы жұмыс 2021 жылы аяқталады», - деді Ербол Оспанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Вице-министр бұл қаржы тек бір жобаға қатысты екенін, бүгінде мемлекет зейнетақыны аудару үшін банктерге қомақты қаржы төлеп отырғанын жеткізді. «Бүгінде зейнетақы немесе жәрдемақыны тағайындағаннан кейін министрлік банк есепшотына тиісті қаржыны аударады. Осы қаржыны аудару процесі шамамен 16-17 миллиард теңгені талап етеді. Біз тиісті құжаттарды, төлемдерді оңтайландырсақ, 16-17 миллиард теңгенің жыл сайын 4,6 миллард теңгесін үнемдей аламыз. Бұл мемлекеттің әкімшілік шығыны болып саналады», - деп түйіндеді сөзін ол.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған