USD
USD
USD

Төлем дауы: жеке емханалар науқастарды МӘМС жүйесі бойынша қабылдаудан бас тартуы мүмкін

«Олимп» зертханаларының бас директоры Ерлан Сүлейменов жекеменшік медициналық ұйымдар мен мемлекеттік емханалар арасында төлемге байланысты дау шыққанын мәлімдеді.

Ерлан Сүлейменов
Фото: instagram.com/suleimenov.yerlan

Астана, NEGE. Айтуынша, жекеменшік зертханалардан Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында пациенттерге көрсетілген қызметтер үшін төленген қаражатты кері қайтару талап етілген. Оған себеп – емханаларға бөлінген қаржы лимитінің асып кетуі.

Сөз мемлекеттік емханалардан қан тапсыруға немесе диагноз қоюға жеке меншік зертханаларға жіберілген науқастарға көрсетілген қызмет ақысы жөнінде болып отыр.

«Мемлекеттік аурухана Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасады, қаржыландыру алады да, кейін пациентті бізге жібереді. Ал біз оны қабылдаудан бас тарта алмаймыз. Жолдамамен келген пациентті қабылдауға міндеттіміз. Одан кейін қызмет көрсетіп, орындалған жұмыстар актісін тапсырып, шот ұсынамыз, төлем аламыз. Бірақ кейін бізге: «Ақшаны қайтарыңдар, келісімшарттағы лимиттерді бақыламағандарың немесе қосымша келісім жасамағандарың – өз кінәларың» дейді», – деп атап өтті Сүлейменов.

Ол, сондай-ақ, мемлекеттік медициналық ұйымдардың бюджеттері мен лимиттерін бақылау жекеменшік қызмет көрсетушілердің міндетіне жатпайтынын атап өтті.

Сүлейменовтің сөзінше, медициналық ұйымдар сақтық шараларын күшейте бастайды. Ал мұның кесірі науқастарға тиюі мүмкін.

«Кейіннен қаржыны кері қайтаруды талап ететіндіктен ертең ауыр дертке күдікпен келген науқасты қабылдамауы мүмкін.  Міне, бұл – күрделі жағдай. Өйткені науқасқа лимит бар екені немесе кімнің нені келісіп, нені келіспегені маңызды емес. Ол сырқат. Оның уақыты шектеулі, – дейді «Олимп» басшысы.

Ол бұл мәселеге Денсаулық сақтау министрлігінің араласуын талап етеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда LRT құрылысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

қозғалыс шектеледі

Қазақстанда 1 шілдеден бастап газ қымбаттайды

Газ

Алматыда 27 ретсіз сауда ошағы жойылды

Ретсіз сауда

Әл-Фарабидегі апат: қаза болған қыздың әкесі Александр Пакке кешірім бермейтінін мәлімдеді

жол апаты