Токсин болуы мүмкін: Nestle Қазақстандағы кей өнімдерін қайтарып алып жатыр
Балалар тағамын өндіретін Nestle компаниясы құрамында улы зат болуы мүмкін деген қауіппен біраз өнімін кері қайтарып жатыр.
Астана, NEGE. Компания мәліметінше, бұл шара сақтық мақсатында қабылданған. Қазақстан аумағында құрғақ сүт пен ашытылған сүт қоспалары және амин қышқылдары негізіндегі құрғақ қоспалардың шектеулі мөлшері қайтарылады.
«Сыртқы жеткізушіден алынған шикізатта цереулид токсині болуы мүмкін деген қауіптің анықталуына байланысты Nestle компаниясы іске асырып жатқан балалар тағамының жекелеген партияларын ерікті түрде кері қайтару шараларының бір бөлігі болып саналады», – делінген хабарламада.
Ингредиенттің үлесі өте аз болуына және Қазақстанда тағам өнімдеріндегі цереулид токсинінің мөлшері бойынша нормативтердің болмауына қарамастан, жаһандық шешім аясында «Нестле Қазақстан» ЖШС балалар тағамының шектеулі партияларын ерікті түрде кері қайтару шараларын бастап кеткен.
«Нестле Қазақстан» ЖШС уәкілетті реттеуші органды хабардар етті және барлық қажетті ақпаратты ұсынуға дайын. Компания көрсетілген партиядағы өнімдерді сатып алған тұтынушылардан оларды қайтаруды сұрайды», – делінген хабарламада.
Қайтарып алынатын өнімдер:
- NAN 1 OPTIPRO – 51500346AA, 51740346AC, 51510346AA, 52180346AA, 51740346BA, 52200346BA партиялары;
- NAN 2 OPTIPRO – 51420017C5, 51670017C2, 52940017C2, 51680017A1, 5200167811, 5200167821, 5220767821, 5240167821, 5241167821, 5256167811 партиялары;
- NAN ашытылған қоспасы – 51220017A2, 51230017A1 партиялары;
- NAN лактозасыз – 51400346АА партиясы;
- ALFARE Amino – 51050017Y2 партиясы.
Тиісті партиялардан өнім сатып алған тұтынушылар оны қайтару жолы туралы компанияның ресми сайтынан немесе +8 800 080 55 44 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы біле алады.
Nestle компаниясы тек шектеулі партиялар ғана қайтарылатынын және компанияның Қазақстан нарығында ұсынылған басқа тағамдарына бұл шара қолданылмайтынын ескертті.