USD
USD
USD

Тоқсаннан астам адамның атынан онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйел сотталды

 Қазақстандықтардың атынан онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйел 4,6 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Тоқсаннан астам адамның атынан онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйел сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасы мәлім еткендей, Медеу ауданының полиция басқармасына Қазақстанның 90-нан астам азаматы 1987 жылы туған А.Б.Нүркенова жасаған алаяқтық фактісі бойынша жүгінген. «Көрсетілген адам алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленушілердің жеке деректерін алып, содан кейін шағын несиелік ұйымдардан олардың атына несие рәсімдегені анықталды. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Істің сотқа дейінгі тергеуі аяқталды», - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов. Сот үкімімен А.Б.Нүркенова кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy