USD
USD
USD

Токиодан бюджетке Т4 миллиардтан астам қаражат қайтарылды

Токиодағы Олимпиаданың күшін жоюға байланысты Т4 миллиардтан астам қаражат республикалық бюджетке қайтарылды, деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раимқұлова.

Токиодан бюджетке Т4 миллиардтан астам қаражат қайтарылды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Бүгінгі күні біздің спортшылар жаттығуларын қайта бастады, бірақ Олимпиада 2021 жылға кейінге қалдырылғандықтан, едәуір сома - 4,3 млрд. теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылды. Бұл қаражат оңтайландырылып, республикалық бюджетке қайтарылды», - деді Раимқұлова жұма күні халықпен есептік кездесуде.
Ол әлемдегі коронавирустық пандемияға байланысты ірі спорттық іс-шаралардың кестелері, сонымен қатар спортшылардың ірі жарыстарға дайындалуы өзгергенін еске салды.
Бұған дейін Токиода жазғы Олимпиада ойындарын өткізу туралы соңғы шешім 2021 жылдың көктемінде қабылданады деп жоспарланған және бұл әлемде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты болады.
Естеріңізге сала кетейік, Токиодағы Олимпиада 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өткізілуі керек еді, бірақ коронавирустық инфекциялық пандемияға байланысты жарыстар бір жылға шегерілді және 2021 жылы 23 шілдеден 8 тамызға дейін өтеді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған