USD
USD
USD

Токиода вирус жұқтырғандар көбейді

Токио үкіметі бейсенбі күні, олимпиада салтанатының қарсаңында COVID-19 жұқтырудың 1 979 жаңа жағдайы тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды Кyodo агенттігі.

Токиода вирус жұқтырғандар көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл – қаңтардың ортасынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Осыған орай, ойындардың салдарынан вирустың жұқпалылығы жоғары Дельта нұсқасының таралу ауқымы одан әрі кеңейе түседі деген қорқыныш өсуде. Олимпиаданың ашылу салтанаты жұма күні ел астанасында коронавирус шараларының шектеулеріне байланысты көрермендерсіз өтеді.

Мұнда COVID-19 жағдайларының өсуіне байланысты төтенше жағдай енгізілген.

Қаңтардың ортасында Токиода екінші төтенше жағдай енгізілген еді. Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар Токиода коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауы мүмкін екендігін және инфекцияның «бесінші толқыны» туралы ескертті.

Олардың есептеуі бойынша, тамыздың басында елдегі күнделікті жұқтыру оқиғасы 2 600-ға дейін жетеді. Ал Олимпиада 8 тамызға дейін жалғаспақ.

Қазір оқып жатыр

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол