Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Токиода COVID-19 жұққандар саны артты

Соңғы бір тәулікте Токиода КОВИД-19 жұқтырғандар саны елуден асып кетті. Бұл 4 мамырдан бері қалада тіркеліп отырған ең жоғары көрсеткіш.

Токиода COVID-19 жұққандар саны артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жапонияда коронавирус індетіне байланысты енгізілген төтенше жағдай 25 мамырда алынып тасталған болатын. Алайда Токио қаласының басшылығы күніне бұл дертті жұқтыру саны елуден асып кетсе, қайта қатаң шаралар қабылдануы мүмкін екенін ескерткен болатын. Жалпы 14 миллион тұрғыны бар бұл алып шаһарда 5800 науқас тіркеліп, 323-і қайтыс болды. Дегенмен, тілшілермен кездескен Токио губернаторы ахуалға өз алаңдаушылығын білдірсе де төтенше жағдай жарияланатыны туралы айтқан жоқ. Токио қаласының губернаторы Юрико Коикэ: "Бүгінгі көрсеткіш өте жоғары. Біз осы сандарды талдап, асықпай шара қабылдауымыз қажет. Сондай-ақ кеңселерде жұмыс істейтін халықты ескертуге тиіспіз", - деді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА