USD
USD
USD

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы қашан өтеді?

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында Фукусима префектурасында басталады және 121 күнге созылады. Бұл туралы Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап olympic.kz сайты хабарлайды.

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы қашан өтеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олимпиада алауының эстафетасы Фукусимадағы футбол орталығында басталып, кейін Жапонияның 47 префектурасында болады.

«Токио -2020» ұйымдастыру комитеті коронавирус індетіне байланысты қауіпсіздік талаптарын күшейтеді деп күтілуде. Одан бөлек, ұйымдастырушылар Олимпиада алауы эстафетасын мейілінше жеңіл өткізудің жолдарын қарастырып жатыр. Еске салайық, XXXII Жазғы Олимпиада ойындары Жапонияда 2020 жылдың жазында өтуі тиіс болатын.

COVID-19 пандемиясына байланысты Ойындар кейінге шегерілді.

Соған қарамастан, Олимпиаданың «2020» жазуы сол күйі сақталып қалды. Халықаралық олимпиада комитеті белгілеген Токио Олимпиадасының жаңа датасы – 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – бұрын-соңды болмаған ең инновациалық Олимпиада болады. Онда 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Олимпиада-2020-ға жаңадан бес спорт түрі енді. Олар: бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков