USD
USD
USD

Токио Олимпиадасына қатысатын атлеттер күн сайын тестілеуден өтеді

 Токиодағы жазғы Олимпиаданың ұйымдастырушылары сәуірдің аяғында ойындарды өткізу ережелерінің жаңа нұсқасын бекітіп, онда спортшылардың күн сайын коронавирусқа тестілеуден өтуі керектігі туралы тармақ енгізбек.

Токио Олимпиадасына қатысатын атлеттер күн сайын тестілеуден өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі кезде бұл шешім Халықаралық Олимпиада комитетімен (ХОК) келісілуде. Тесттердің басым бөлігі антигенге тексереді. Тестілеу оң нәтиже көрсеткен жағдайда, дәрігерлер ПТР тәсілі бойынша қосымша зерттеу жүргізеді. Атлеттерден коронавирус белгілері байқалса, оларды бірден ПТР тестін тапсыруға жібереді. Осыған орай арнайы олимпиадалық ауылда бөлек зертхана ашылмақ. Тексеріс кестесі ойындардың уақытына байланысты құрылады. Сонымен қоса ойынның қандай да бір кезеңі өтетін күні спортшылар тестілеуден босатылуы мүмкін. Киодо дерегінше, «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті 9 мамырда өтетін жеңіл атлетика бойынша тестілік жарыстарды көрермендерсіз өткізуді қарастыруда. Токиодағы олимпиадалық ойындар 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығына жоспарланған еді. Коронавирус пандемиясына байланысты олимпиада бір жылға шегеріліп, енді 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтпек. 

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент