USD
USD
USD

Токио Олимпиадасына Алматыдан қанша спортшы барады?

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Олимпиада ойындарына баратын спортшыларға ақ жол тіледі.

Токио Олимпиадасына Алматыдан қанша спортшы барады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімі twitter-дегі парақшасына Токиода өтетін Олимпиада ойындарына Алматыдан 13 спортшы баратынын жазып, оларға сәттілік тіледі. «Алматының 13 спортшысы Токиода өтетін Олимпиадада спорттың алты түрінен Қазақстанның намысын қорғайды. Олар жүзу, спорттық гимнастика, су добы және ең алғаш рет құзға өрмелеу бар. Сондай-ақ екі спортшы Паралимпиадада өнер көрсетеді. Баршаңызға сәттілік, шыдам мен жеңіс тілеймін», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

«Токио - 2020» Олимпиада ойындары осы жылдың 23 шілдесінен 8 тамызға дейін Жапонияда өтеді. Алматы қаласының 13 спортшысы Олимпиада ойындарына қатысу үшін спорттың 6 түрі бойынша 13 лицензияны жеңіп алды:

(100 м, 200 м) – Дмитрий Баландин;

спорттық шыңға шығу – Ришат Хайбуллин;

спорттық гимнастика – Милад Карими (7 лицензия);

су полосының командасы; жеңіл атлетика – Кристина Овчинникова;

стенділік ату – Әсем Орынбай.

Елдегі лицензиялардың жалпы саны – 96, ал спортшылар саны – 95.

Сонымен қатар 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода Паралимпиада ойындары өтеді. Алматыдан 2 спортшы 2 лицензия жеңіп алды: паратаэквондо – Камиля Досмалова, парапауэрлифтинг – Алина Солодухина.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай