USD
USD
USD

Токио Олимпиадасы медалінің үлгісі жарияланды

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар жеңімпаз спортшылар мойнына тағылатын медальдардың үлгісін көпшілік назарына ұсынды

Токио Олимпиадасы медалінің үлгісі жарияланды
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды prosports.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Токио ойындарының эмблемасы мен дәстүрлі итимацу үлгісі медальдың қақ ортасында орналасқан. Айта кетейік, мұндай дизайнды жапондықтар жазғы спорт ойындарын өткізуге дайындық барысында, яғни 2019 жылы ұсынған. Ал дәстүрлі шара былтыр жазда өту тиіс болғанымен, коронавирус пандемиясы оның ұйымдастырылуына өзіндік әсерін тигізді.

Бастапқы кезде бұл шараны мүлдем тоқтатып тастау мәселесі көтерілді. Кейіннен ресми Токио Олимпиада өткізу құқығын сақтай отырып, оны жай ғана кейінге шегеру шешімін қабылдады. Ал медальдарға қатысты қызықты сәттің бірі 2019 жылы болды: жергілікті тұрғындар медаль жасау үшін екі жыл бойы ақаулы смартфондар мен планшеттерді және компьютерлерді жинауды қолға алды. Сөйтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында жиналған 80 мыңнан астам гаджеттің бағалы металдары алынып, медаль жасау үшін балқытылды.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова