USD
USD
USD

Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтеді

 Токиодағы Олимпиада ойындары-2020 жарысына көрермендер жіберілмейді. Бұл туралы осы жарысты өткізуге жауапты жапон министрі Тамае Марукава мәлім етті. 

Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 8 шілдеде Жапония астанасында тамыз айының аяғына дейін созылатын төтенше жағдай режимі енгізілді. Бастапқыда пандемияға байланысты Олимпиада ойындарына шетелдік жанкүйерлерді жібермеуге шешім қабылданған болатын. Енді жарысқа жергілікті көрермендер де келе алмайды. Токиодағы барлық жарыс, салтанатты шаралар, Олимпиаданың ашылуы мен жабылуы көрерменсіз өтеді. «Токиода, Канагавада, Сайтамада және Тибада жарысқа көрермендерді жібермеу туралы шешім қабылданды. Өз кезегінде Мияги, Фукусима және Сидзуока префектураларында 10 мың адамға дейін рұқсат етілген және адамдар саны нысандар толымдылығының 50 пайызынан аспауы тиіс», - деді Марукава. Еске сала кетейік, Токио Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors