USD
USD
USD

Токио-2021: Допингке қарсы ережелер жарияланды

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (БДҚА) Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының допингке қарсы ережелерін жариялады, – деп хабарлайы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің ресми сайты.

Токио-2021: Допингке қарсы ережелер жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің ресми сайтындағы хабарламаға қарағанда, ХОК Бүкіләлемдік допингке қарсы кодекске қол қоюшы тарап және Олимпиада ойындарының допингке қарсы ережелерін анықтайтын өкілетті орган ретінде жаңартылған кодекс пен халықаралық стандарттарға, сондай-ақ 2021 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген тыйым салынған препараттар мен әдістердің тізіміне сәйкес болуы үшін қолданыстағы ережеге түзету енгізді.

Жаңа ереже Олимпиаданың 13 шілдедегі ашылуынан кейін 8 тамызда жабылуына дейінгі аралықта күшінде болады. Допингке қарсы ресми ережелермен Қазақстанның допингке қарсы агенттігінің сайтынан танысуға болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер