USD
USD
USD

Токио-2020: Нұрислам Санаев қола медаль үшін таласады

Токио Олимпиадасында еркін күрестен қазақстандық Нұрислам Санаев (57 келі) жартылай финалда үндістандық Рави Кумармен белдесуге шықты. 

Токио-2020: Нұрислам Санаев қола медаль үшін таласады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінгі белдесуде қазақстандық балуан жақсы ойын көрсетті. Кездесу барысында қарсыласын 9:1 есебімен жеңіп тұрды. Дегенмен жарақат алып қалуына байланысты соңғы сәттерде қарсыласына есе жіберіп қойды. Осылайша үндістандық балуан финалға жолдама алды. Ал Нұрислам Санаев 3-орын үшін сайысқа түседі. Ал финал мен 3-орын үшін сайыс 5 тамызға белгіленген.

Қазақстандық балуан бұдан бұрын Гвинеи-Бисаудан келген Юна Фафе және жапониялық Юки Такахасиді қапы қалдырып кеткен еді. Нұрислам Санаев 1991 жылы дүниеге келген. Әлем чемпионатында 2018 жылы күміс, 2019 жылы қола жүлдегер атанды. Ал Азия чемпионатында 2018 жылы жеңімпаз болса, 2017 жылы үшінші орын алды.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors